|
04.06.2021 | 14:04
6426

Live: Алматының әр ауданы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде

Алматының басты көшесімен жүріп келіп, ту көтерген көліктерді Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында оркестр күтіп алды

Live: Алматының әр ауданы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде Almaty.tv.

Алматының әр ауданы Мемлекеттік рәміздер күні атап өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Сая Меңдеке. 

Ал, біз дәл қазір Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінің алдында тұрмыз. Неліктен дейсіздер ғой!? Өйткені Бостандық ауданында ұйымдастырылған автошеру дәл осы жерде аяқталды. Демек, кереметтей шараның мәресі осы жер болды. 30 шақты көлік Тілендиев көшесі мен Абай даңғылынан бастап, көк байрағымызды желбіретіп жүріп шығып, мерекенің маңызын айшықтай түсті. Мұндай шара шынында әр азаматтың бойындағы патриоттық сезімін оятып, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді, дейді ұйымдастырушылар.

«Біздің рәміздерді дәріптеу және әрқашанда өз рәміздерімізді мақтан ету. Жастарға үлгі болатындай мерекелік іс-шараны тиісті деңгейде өткізу», – деді Бостандық ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұркен Бекботаев.

Алматының басты көшесімен жүріп келіп, ту көтерген көліктерді Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында оркестр күтіп алды. Олар әнұранымызды, тағы бірнеше марш орындап,  қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мемлекеттік рәміздер күні осылайша жоғары деңгейде өтіп жатыр. Шараға қатысқан жастар да бұл күннің маңыздылығына ерекше тоқталды. Егеменді елде өмір сүретін бүгінгі ұрпақ қашанда бойында рух бар екенін, рәміздер күнін ұлықтау, насихаттау керегін жақсы біледі.

«Бүгін көк туымызды желбіретуге шықтық. Біз үшін мақтаныш, мәртебе. Қуана-қуан келіп тұрмыз», – деді М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының мұғалімі  Қайыржан Оспанов.

Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау шаралары қаламызда кешеден басталып кеткенін айта кету керек. Аудандардың бірінде велошеру ұйымдастырылса, екіншісінде флешмоб өткізілді. Ал, еріктілер алматылықтар мен қала қонақтарына «Қазақстан» шоколадын таратып жүр.  Ендеше ұлттық нышандар күніне орай мерекелік шаралар әлі жалғаса бермек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир