Тілсіз жау 1400 шаршы метрді шарпыған
Аурухана жатқызылғандардың басым бөлігі өрт сөндірушілер. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деңгейде деп бағалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оқыс оқиға кеше кешке орын алған. Оны ауыздықтауға 17 техника, 75 маман жұмылдырылған. Қазір полицейлер төтенше жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Алдын-ала мәлімет бойынша қызыл жалын 3 тонналық газ цестернасын толтыру кезінде шыққан. Тілсіз жау 1400 шаршы метрді шарпыған.
«Оның 6-ына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық ем тағайындалды. Үйлеріне қайтарылды. Ал 2019 жылы 10 қыркүйекте Түркістан қалалық орталық ауруханасының травмотология бөлімшесіне 4 науқас түскен. Ал, 11 қыркүйекте 1 науқас стационарлық емделуге жатқызылды. Қазіргі таңда стационарлық емделуге жатқызылғандар саны 5. Жағдай орташа ауырлықта. Жарақат алғандардың барлығы төтенше жағдайлар қызметкерлері. Өрт сөндірушілердің арасынан болған. Біреуінде ғана ауырлау 30 пайыз, басқалары беті, қолы, сондай күйгендер», – Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Малика АБДАЛИЕВА.