Бала қоршауды қолымен ұстаған сайын, мысық оған шабуылдап, ақыры баланы балконнан пәтерге қайта кіргізеді
1 жасар баланы балкон қоршауының үстіне шығуға жол бермеген үй жануары елді таңқалдырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Колумбиядағы Букараманга қаласының тұрғыны кішкентай баласы мен үйдегі мысықтың арасындағы іс-әрекетті видеоға түсіріп алды.
Байқағандарыңыздай, мысық баланы қырағылықпен бақылап, оны түрлі іс-әрекетпен қауіптен құтқару үшін тырысады. Бала қоршауды қолымен ұстаған сайын, мысық оған шабуылдап, ақыры баланы балконнан пәтерге қайта кіргізеді.
Бұл видео интернет желісінде кеңінен таралып, 180 мыңнан астам қаралым және 21 мыңнан астам лайк жинап үлгерген. Адамдардың бірі жануарды «періште» деп жазса, енді бірі видеоны түсірген баланың әкесін сынаған.