Сотқа дейінгі іс жүргізу электрондық форматқа ауыстырылады – Нұрділдә Ораз

Сотқа дейінгі іс жүргізу электрондық форматқа ауыстырылады – Нұрділдә Ораз
Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 95%-ы электронды форматта ұсынылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде әкімшілік және сотқа дейінгі іс жүргізу толық электрондық форматқа ауыстырылады. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 95%-ы электронды форматта ұсынылады, нәтижесінде халықпен тікелей байланыс барынша азайтылып, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады. Бұдан бөлек, полиция өкілі синтетикалық есірткілердің заңсыз жарнамасы мен оларды интернет арқылы тарату үшін жауапкершіліктің едәуір күшейтілгенін айтты.

«Жолдауда есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуына байланысты болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төнгені аталды. Сондықтан синтетикалық есірткілерді бақылауға енгізу тетігі жеңілдетілді, олардың заңсыз жарнамасы мен интернет арқылы таратылғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. «Электрондық әмияндарды» анонимді пайдаланушылар арасында ақша аударуға тыйым салатын түзетулер енгізілді», – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Новости партнеров