Таразда 135 отбасыға пәтер кілті табысталды

06.03.2021 19:05

Тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында берілді

inform.kz

Таразда Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Таразда 135 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында жыл сайын елімізде жүздеген жаңа көппәтерлі тұрғын үйлер пайдалануға берілуде. Сол секілді 8 наурыз мерекесі қарсаңында бірқатар тараздық отбасылар қоныс тойын тойлау мүмкіндігіне ие болды.

«Бином» ЖШС салған 135 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйден баспаналы болғандардың арасында 27 жетім бала, 66 әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы және 42 бюджеттік ұйым қызметкері бар.


Теги: пәтер