Өртті сөндіруге бір сағат кеткен
Түркістанда цехтан өрт шығып, ішіндегі екі қызметкері ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға облыс орталығында сенбіде болған. Күндізгі сағат 11:00-де шыққан жалын жиһаз жасалатын цехтың 6 мың шаршы метрін қамтыпты. Сөйтіп жан-жаққа жайылған өртті сөндіруге бір сағат кеткен. Осылай деген мамандар апаттан мекеменің екі маманы зардап шеккенін айтты.
– Хабарлама бойынша Түркістан қаласы бойынша 10 техника, қызметкерлер мен жалпы ғимараттың 6 мың квадраты жанып бүлінген. Өртті 12 сағат он минутта қайтарылды, – деді Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Асқар Сейсенов.
Оқи отырыңыз: Таразда көлік көшедегі үлкен шұңқырға түсіп кетті