Алматы халқы Бердібек Сапарбаевпен қоштасты

Primeminister.kz
Primeminister.kz
Қоштасу рәсімінің алдында белгілі саясаткердің әріптестерінің қатысуымен митинг өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Марқұммен қоштасуға Премьер-министр Әлихан Смайылов, Алматының әкімі Ерболат Досаев және басқа мемлекет, қоғам қайраткерлері қатысты.

Бердібек Сапарбаев әр жылдары Қазақстанның бес облысының, яғни Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының әкімі болды. Сапарбаев екі рет Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.

Қоштасу рәсімінің алдында белгілі саясаткердің әріптестерінің қатысуымен митинг өтті. Кейін жаназа намазы оқылды.

Бердібек Сапарбаев Кеңсай-2 зиратына жерленді. Марқұмның туыстарының айтуынша, онда Сапарбаевтың 2002 жылы апаттан қайтыс болған үлкен ұлы жерленген.

Новости партнеров