73 шақырым жол құрылысы аяқталды, 47 шақырым арық реконструкцияланды
Қалалық бюджет 2019 жылы 100% игерілді. Өткен жылы 587 шақырым инженерлік желілер салынды, бұл — 287 шақырым кәріз құбырлары, 150 шақырым электр, 20 шақырым жылу және 130 шақырым газ желілері, деп хабарлайды Almaty.tv.
73 шақырым жол құрылысы аяқталды, 47 шақырым арық реконструкцияланды.
Мемлекеттік бюджет аясында шамамен 300 мың тұрғынды қамтыған 670-тен астам аула абаттандырылды, 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.
Бұрын жарығы болмаған 320-дан астам көшені жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде 8,4 мың жаңа жарық нүктелері орнатылды.