Жылуға берешекті өсімпұлсыз төлеу науқаны басталды

Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата
Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата
Акция қазан айынан желтоқсанның соңына дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Қарызды төле – өсімпұлды алып тастаймыз» атты науқан басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жылыту және ыстық сумен жабдықтау қызметі үшін коммуналдық кәсіпорын алдындағы қарызын айыппұлсыз төлегісі келетін жылу энергиясын пайдаланатын тұтынушылар үшін Алматында «Қарызды төле - өсімпұлды алып тастаймыз» атты науқан басталды.

Өсімпұлды алып тастап, үнемдеумен бірге бұл мүлікке шектеулер мен тыйым салуларды, сонымен қатар банктердегі есеп айырысу шоттарындағы шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді.Акцияға қатысу үшін осы жылдың қазан айынан желтоқсанның соңына дейін берешекті толық төлеп, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, негізгі борышты (кассалық чекті) төлегенін растауды мына электрондық поштаға ұсыну қажет: info@alts.kz немесе орналасқан аумақ бойынша ТҚКО (тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарына) біріне жүгіну керек.

Берешек төленбеген жағдайда төлемеушілерге жылу беру тоқтатылып, қарыз сот арқылы өндіріледі - «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Оқи отырыңыз: Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21 пайызға өсті

Новости партнеров