Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысында айтылды
Алматыда іс-шаралар өткізу үшін жеке үйлерді жалға алуға тыйым салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Жергілікті атқарушы және Алматы қаласының құқық қорғау органдары жеке үйлер мен ғимараттарды ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізу үшін жалға берілмеуін қадағаласын», - делінген қаланың бас санитарының қаулысында.
Еске салайық, бүгінде Алматыда фитнес-орталықтар, СПА, қоғамдық моншалар, сауналар және азық-түліктік емес базарлар қызметін қайта бастады.