Арман Әубәкір: Бұл – туристерді тартуға таптырмайтын әдіс

22.03.2022 20:27

Көрмелік тұрғыдан көрсетуге болатын дәстүрлеріміздің бірі – бақсылық рәсімдер. Бұл туралы «Алматы» телеарнасындағы Таңғы Studio бағдарламасының тікелей эфирінде  «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігінің жетекшісі, журналист Арман Әубәкір айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Бірақ ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жоқ емес.

«Енді шынын айту керек, дәстүрлерімізді көрмелік тұрғыдан көрсетуге болады, бірақ тұрмыстық деңгейде саралауымыз керек. Көрмелік тұрғыдан көрсетуге болатын дәстүрлеріміздің бірі – бақсылық рәсімдер. Наурыз мейрамы кезінде немесе туристерге көрсету болады. Тура мағынада емес көріністік тұрғыда. Бұл туристерді тартатын таптырмайтын әдіс»,  деді Арман Әубәкір.

Сөз соңында «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігінің жетекшісі Арман Әубәкір қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

«Алматы» телеарнасындағы Таңғы Studio бағдарламасының көрерменін келіп жеткен әз-Наурыз мейрамымен шын жүреектен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Қайда барсаңыздарда жарқыраған жол болсын!»  деп Арман Әубәкір.

Эфирдің толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар.