Алматыда әлемнің озық іскерлері бас қосты

Алматыда әлемнің озық іскерлері бас қосты
Бүгінде қала экономикасының көлемі 12 триллион теңге немесе 35 миллард долларды құрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Барлығы да, жетінші рет өткізіліп отырыған «Almaty Invest 2019» халықаралық инвестициялық форумында жаңа идеяларымен бөлісті. Маңызды шараға әлемнің 500-ден астам іскер топтардың өкілдері тіркеліпті. Соның ішінде 142-сі шетелдік, 126-сы Қазақстандағы халықаралық компаниялардың өкілдері, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Форумның басты мақсаты - Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыру. Өйткені,  алып шаһар жаңа кәсіп бастауға қолайлы. Оған Doing Business көрсеткішіндегі нәтиже де айқын дәлел болса керек.

Алматы қаласы әкімдігі «Астана» қаржы ұйымымен және «Жасыл қала» бағдарламасы бойынша бірқатар меморандумдарға қол қойып жатыр. Жалпы форум инвестициялық мүмкіндіктерді талқыланып, іскерлік байланыстар орнатуға зор мүмкіндік береді. Ең батыл жоспарлар, ірі инвестициялар жүзеге асатын Алматыға 500 шақты делегат жиналды.

Форумда сөз сөйлеген қала әкімі Бақытжан Сағынтаев алдымен инвесторларды Алматыға қаржы құюға шақырды. Себебі, қала экономикасының көлемі 12 триллион теңге немесе 35 миллард долларды құрайды. Бұл - жалпы ішкі өнімнің бесінші және салықтардың төрттен бір бөлігі. Іс жүзінде, Қазақстандағы ең үздік бизнес-климат Алматыда деген қала басшысы инвестиция үшін тұрғын үй жылжымайтын мүлкі, медициналық және білім беру инфрақұрылымы, жол құрылысы, коммуналдық шаруашылық, демалыс және ойын-сауық нысандары тартымды деді. Бұлардың барлығында зор әлеует пен сұраныс, ауқымды жоспарлар бар.

«Тұрғын үйді іске қосу көлемі жыл сайын ұлғаюда, қазір 2 млннан астам шаршы метрді құрайды. Халық санының көбеюін ескерсек, сапалы және қолжетімді тұрғын үйге деген қажеттілік қашанда сұраныста. Сондықтан, инженерлік инфрақұрылымды ескере отырып, ипотекадағы жеңілдікті мөлшерлемемен тұрғын үй саласына инвестициялауға болады. Бұл орайда, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарты ең негізгі тетік дер едім. Құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндіру үшін Алматы индустриялық аймағы бар», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Жалпы бұл шара жыл сайын сәтті өтеді. Мәселен, былтыр халықаралық инвестициялық форум аясында құны 1 миллиард доллар болатын 40 меморандумға қол қойылған. Оның ішінде 12 жоба табысты жұмыс істеп келеді. Биыл өтетін шараға әлемдік деңгейдегі компания басшылары, беделді саясаткерлер, белгілі экономистер мен қаржыгерлер, әлемдік стартап-жобалардың негізін қалаушылар қатысуда.

Жадыра Омаржан, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров