Әнші Сәкен Майғазиев жаңа қызметке тағайындалды

23.12.2020 21:28

Бұл туралы Бағлан Жолдасов өзінің Instagram парақшасында хабарлады

Белгілі эстрада жұлдызы, «Мұзарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Бағлан Жолдасов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазақ эстрадасының жұлдызы, танымал «Мұзарт» тобының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері – Майғазиев Сәкен Қордабайұлы Шымкент қалалық мәдениет үйінің директоры лауазымына тағайындалды. Құттықтап қойсаңыздар болады», – деп жазды Бағлан Жолдасов.