Қорғаныс министрлігі комаға түскен әскериге қатысты мәлімдеме жасады

Almaty.tv
Almaty.tv
22 жастағы бозбала жарты жылдан аса уақыт ес-түссіз ауруханада жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қорғаныс министрлігі комаға түскен әскериге қатысты мәлімдеме жасады. Министрлік төсекке таңылып жатқан Ербаян Мұхтарға емдеу мекемесінде медициналық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Небәрі 22 жастағы бозбала жарты жылдан аса уақыт ес-түссіз ауруханада жатыр. Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған азамат әскерде жүріп, бас жарақатын алған. Оған шұғыл түрде Түркиядағы клиникалардың бірінде емделу керек. Қажетті қаржы көлемі шамамен 30 млн теңге.

Еске салайық, бұған әлеуметтік желіде белсенді азаматтар жағдайды баяндап, қараша жұрттан 140 миллион теңге жинап берді.

– Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді әскери қызмет атқарған. Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау – командирлер үшін басты міндет. Біз де Ербаян Мұхтардың туыстары және жақындарымен бірге оның денсаулығына алаңдаймыз және Қорғаныс министрлігінің емдеу мекемесінде медициналық көмек көрсетуге дайынбыз, – деді ҚР Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев.

Оқи отырыңыз: Ферроқорытпа зауытындағы апат: комиссия кінәлілерді анықтады

Новости партнеров