Алматы облысында арыстан асыраған адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 22 жастағы жергілікті тұрғын жыртқыш аңның 5 айлық 2 аланды қолда ұстап бағып келген. Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері тексеруден кейін арыстандарды тәркіледі. Қазір азаматтың жасырын әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жас жігіттің жыртқышты қандай мақсатта асырағаны әзірге белгісіз.
«Аталған дерек ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларды заңсыз пайдалану) Қарасай ауданының полициясында тіркелді», – деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.