Өзінің жеке өтініші бойынша қызметінен босатылды
Камалжан Надыров Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Almaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Камалжан Надыров ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымында болды. Өзінің жеке өтініші бойынша К. Надыров бұл қызметтен босатылған.
"Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін Жанар Мадеева атқаратын болды" делінген хабарламада.