Ақтауда коммуналдық қызмет үшін негізсіз төлем өндірген мекеме анықталды

24.05.2024 19:10

«Каспий жылу, су арнасы» мекемесі 34 млн теңгені қайтаруы керек

elements.envato.com

Ақтауда «Каспий жылу, су арнасы» мекемесі тұрғындардан коммуналдық қызмет үшін негізсіз төлем өндірген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді компания азаматтарға 34 млн теңгені қайтаруы керек. Оны прокурорлар субъектілер қызметіне талдау жүргізгенде анықтаған. Тексеріс барысында кәсіпорынның коммуналдық төлемдерді қызмет көрсетілмеген күндер үшін алғаны анықталды. Енді аталған мекеме қаржыны 12 мыңға жуық тұрғынның шотына қайта қайтаруы қажет.

– Былтыр қалаға бірнеше рет жылу мен судың берілмей қалғанын тұрғындар жақсы біледі. Алайда соған қарамастан төлемдер есептелген. Талдаулар нәтижесінде тұтынушыларға коммуналдық қызметтің нақты қай күндері, тіптен қай уақыт аралығында көрсетілмегенін анықтадық. Бұл бағыт бойынша жұмыс облыс көлемінде жалғасады, – деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Ғани Боранбаев.

Оқи отырыңыз: Сақалды құрылыс: Жамбыл облысында спорт кешені қаңғыбас иттердің мекеніне айналды