Алматыда діни экстремизмге қарсы профилактикалық жұмыс басталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы ақпараттық-түсіндіру тобының оқыту семинарында айтылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыда діни экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық жұмыстарды өткізу жиілейді. Бұл туралы ақпараттық-түсіндіру тобының оқыту семинарында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv

Дін саласындағы білікті мамандар мен психологтар қатысқан жиында қоғамда радикалды идеологияға деген иммунитетті қалыптастырудың жолдары талқыланды. 

Айта кетейік, аталған топ Жоғары оқу орындары мен жастар жиналатын жерлерде түсіндіру іс-шараларын өткізеді.  

– Алматы қаласында ақпараттық-талдау тобы 10 жыл болды. Жастар терроризмге және діни экстремизмге кетіп қалмас үшін тиісті ақпараттық талдау жұмысын өткізіп жатырмыз. 2024 жылы 600-ге жуық осындай іс-шараны өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Нұрлан Қиқымов.

Оқи отырыңыз: Мешіттерде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды

Новости партнеров