Мешіттерде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Оның тағы да 4 ұрлыққа қатысы бары белгілі болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы мешіттерде ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Алмалы ауданындағы мешіттердегі төрт ұрлықтың бетін ашты. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.

– Б.есімді азамат ұрлық жасаған кезде бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, намаз кезінде белгісіз біреу оның жеке мүлкін ұрлап, 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қаскөйдің осыған ұқсас 4 ұрлыққа қатысы бары белгілі болды. Аталған деректер бір өндіріске біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам өз кінәсін мойындады, – деді Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдімасаров. 

Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Оқи отырыңыз: БҚО-да 7 жол учаскесі жабылды

Новости партнеров