«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жаңа жабдықтармен толықты

18.11.2022 19:10

Өндіріс орнына 375 млн теңгеге заманауи құрал-саймандар сатып алынды

egemen.kz

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жаңа жабдықтармен толықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өндіріс орнына 375 млн теңгеге заманауи құрал-саймандар сатып алынды. Компания басшылығының мәлімдеуінше, келер жылы кәсіпорынды толығымен жаңғырту көзделіп отыр. Бүгінде цехтар 73 пайыз қажетті құралдармен жабдықталған.