БАҚ пен блогерлерді белсенді қатысуға шақырады
Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған мегаполисті дамыту тақырыбындағы үздік ақпараттық өнім байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Байқау мегаполистің даму тақырыбын, оның ішінде Тәуелсіздік кезеңін насихаттауға үлес қосатын маңызды жұмыстарды анықтау мақсатында өткізіледі. Коронавирус пандемиясына байланысты жағдайды ескере отырып, қаланың COVID-19-ға қарсы күрес тақырыбын жариялағаны үшін жеке номинация бар.
БАҚ пен блогерлерді белсенді қатысуға шақырады. 24 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде 40 өтінім келіп түсті.
Қабылдау а.ж. 27 қараша сағат 00:00-ге дейін жалғасады (өтінімді info@rsk.almaty.kz поштасына жіберу қажет). Байқауда 2020 жылдың басынан бастап шыққан барлық материалдар қаралады. Жеңімпаздар 10 номинация бойынша екі тілдік санатта бөлек анықталады:
- «Үздік сюжет»;
- «Үздік сұхбат»;
- «Үздік деректі материал»;
- «Үздік көрнекі өнім»;
- «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым»;
- «Үздік аналитикалық мақала»;
- «Үздік фоторепортаж»;
- «Үздік жаңалықтар материалы»;
- «Үздік бейнематериал»;
- «Қаланың COVID-19-ға қарсы күресі туралы ең жақсы материал».
Естеріңізге сала кетейік, байқау жұмыстарын құрамына журналистика және медиасаладағы сарапшылар кіретін тәуелсіз комиссия бағалайтын болады.
Байқау қорытындысы 2020 жылдың желтоқсан айында шығарылады. Әр номинация бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласуға болады: +7 (707) 934-39-84; +7 (708) 970-75-31.