Мемлекеттік органдарда жіберілген қате туралы жүкті әйелдің туысы әлеуметтік желіде жазды
Шахтинск қаласында жүкті әйел өлілердің тізіміне кіріп кеткен. Бұл туралы ол Халыққа қызмет көрсету орталығында біліпті, деп хабарлайды Stan.kz.
Мемлекеттік органдарда жіберілген қате туралы жүкті әйелдің туысы әлеуметтік желіде жазды. Оның сөзінше, жәрдемақыны рәсімдемек болып, келінінің мекенжай анықтамасын алу үшін ХҚКО-ға барған. Алайда ол жерде әйелдің қайтыс болғаны туралы мәлімет беріпті. Салдарынан бұл жайт жүкті әйелдің денсаулығына әсер етіп, түсік тастай жаздаған.
«Қалайша мәліметтерді шатастырып, тірі адамды жерлеп тастауға болады?» - деп шағымданды әйел.
Полиция мен ХҚКО-дағылар оқиғаның мән-жайын тексеріп, қате жіберілгенін анықтаған. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мекенжай анықтамасындағы қате АХАТ бөлімінің қызметкерлерінің себебінен кеткені белігіл болды.
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік мәліметтер базасында қайтыс болған азаматтар туралы мәліметтер АХАТ-тың ақпараттық жүйесінен енгізіледі. Бұл жағдайда бұрыс ақпаратты Шығыс Қазақстан облыстық АХАТ қызметкерлері енгізген», - дейді Полиция департаментіндегілер.
Қазіргі уақытта өзге облыстағы АХАТ қызметкерлерінің неліктен мұндай қате жібергені анықталып жатыр.