Астанада 500 оқушы домбырашылар челленджіне қатысты

smi24.kz
smi24.kz
Олар «Тепең көк», Құрманғазының күйі «Балбырауын» және Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Күй күмбірі» атты домбырашылар челленджі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға 500-ден астам оқушы жиналды. Олар «Тепең көк», Құрманғазының күйі «Балбырауын» және Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындап, көрермен қауымды тәнті етті. Челлендж жетекшісі – Астана мемлекеттік академиялық филармониясы Қорқыт этно-ансамблінің көркемдік жетекшісі, композитор Шолпан Қорғанбек.

Оның айтуынша, челлендждің негізгі мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау.

Айта кетері, Қазақстанда ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері аталып өтеді. Ал өткен жылдан бастап қаланың барлық мектебінде домбыра үйірмелері ашылды. Биыл ұлттық аспапта ойнаумен айналысатын балалардың саны 2,5 мыңға өсті.

Новости партнеров