Алматыда БАҚ нарығын дамытуға арналған XII Media құрылтай өтуде

Алматыда БАҚ нарығын дамытуға арналған XII Media құрылтай өтуде
Арнайы панельдік отырыста мемлекеттік тілде xабар тарататын ақпарат құралдарын дамыту мәселесі талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дәстүрге айналған биылғы басқосу транзит дәуіріндегі медиа нарығы тақырыбына арналды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен журналистер келді. Арнайы панельдік отырысында мемлекеттік тілде xабар тарататын ақпарат құралдарын барынша дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Соңғы уақытта қазақстандық Youtube-та жаңа серпіліс пайда болды. Блогерлер мен журналистер арасында бұл желіде өз арналарын ашушылар көбейген. Себебі соңғы жылдары жұрт ақпаратты жаппай ғаламтордан оқиды. Сондықта, мұндай құбылыс медианың стратегиялық жоспарына өзгеріс енгізуді талап етеді. Мәселен, қазір көрермендердің 60 пайызы теледидар қараса, өскелең ұрпақ іздегенін интернеттен табады дейді мамандар.

«Біз озық технологияларды қарастырғанда кейде шетелдік сарапшыларды да шақырамыз. Ал осы жолы біз өз елімізбен шектелдік.  Өзіміз бір-бірімізді танып, қазіргі жағдайды қарастырып, содан бір нәтиже шығарғымыз келді. Бір құрылтайда телевизияның өлшеу құралдары мәселесі көтерілген. Соның арқасында индустриалды комитет құрылып, теленарық пен өлшемшілер бір-бірімен келісіп, ортақ бір әдіс шығарды», – деді Қазақстан баспасөз клубының атқарушы директоры Сәкен БАЛБАЕВ.

«Қазақстанда негізі интернет өте арзан. Қателеспесем, еліміз әлем бойынша интернет бағасы арзан үшінші мемлекет болып саналады. Сондықтан да Youtube-тың дәурені жүріп тұр. Қаладағы сіз де, ауылдағы ағайындар да көре алады. Сондықтан осы кеңістікті пайдалану керек деп ойлаймын. Бізде әлі игерілмей жатқан кеңістіктер өте көп. Келіңіздер де, еңбек етіңіздер», – деді тележүргізуші, редактор Аман ТАСЫҒАН.

Новости партнеров