Жапонияда нашар көретін адамдарға арналған навигация жүйесі жасалды

otyrar.kz
otyrar.kz
Құрылғы аяққа киіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жапонияның Ashirase компаниясы көзі нашар көретін адамдарға «серуендеу навигациясы» жүйесін ойлап тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құрылғы аяққа киіледі және смартфонға арналған бағдарлама арқылы қай бағытта қозғалу керек екенін қолданушының аяғына діріл арқылы жеткізеді.

Ashi жапон тілінен аударғанда «табан», ал shirase – ескерту, хабарлама дегенді білдіреді.

Құрылғы бөлшектерінің бірі аяқ-киімнің ішіне орналасады, ал екінші бөлігі жоғарғы жағына бекітіледі, онда навигациялық бағдарлама мен аккумуляторды іске қосуға арналған механизм бар делінген компания сайтында.

Құрылғы ақпаратты GPS-тен алады – жүріп бара жатқан қолданушыға қайда және қашан бұрылу керек немесе тоқтау керегі туралы діріл белгі беріледі.

«Біз нашар көретін адамдар «өздігінен еркін жүріп, әлемді ашады деп үміттенеміз» делінген компания хабарламасында.

Компания құрылғының зағиптарға емес, көзі нашар көретіндерге арналғанын атап өтті. Құрылғы келесі жылдан бастап сатылымға шығады деген жоспар бар.

Новости партнеров