Күйеу жігіт дәл қалыңдығының туған күнінде той ұйымдастырған
Ямайка тұрғыны өзінің 91-ші туған күнінде тұрмысқа шықты. 73 жастағы күйеу жігіт сүйіктісіне он жыл бойы қамқорлық көрсеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Эвелина Миддер-Уилсон шаруа Калджент Уилсонмен ауырып қалғаннан кейін кездесе бастапты. Ер адам үнемі ішімдік ішкен кезде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасап келген. Алайда ямайкалық әжей бұл ұсыныстан бас тартып жүрген. Дегенмен кездескендеріне он жыл өткен соң әйел өз ойын өзгертіпті. Эвелинаның туыстары оны көндіріп, келісім берсе Калджентті бақытты ететінін айтқан. Қуанышы қойнына сыймаған күйеу жігіт дәл қалыңдығының туған күнінде той ұйымдастырған. Эвелинаның немересі оған той макияжы мен шаш үлгісін жасап берген.
«Ол менің күйеуім, менің серігім. Осындай жасқа келген кезде өзіңе серік керек екен»,– дейді әжей.
Сонымен бірге қария күйеуімен қарым-қатынасы өте жақсы екенін, он жыл ішінде бірде бір рет ұрыспағандарын атап өткен.
Еске сала кетсек, австралиялық ғашықтар ұшақтың дәлізінде яғни 12 мың метр биіктікте шаңырақ көтерген болатын. Осылайша олар әуе кемесінде отырған 150 жолаушыны таңғалдырған еді. 35 жастағы Элейн Тионг пен 36 жастағы Люк Сердар Мельбурннан Сиднейге бағыт алған Virgin Australia әуе компаниясының ұшағында үйленген. Сонымен бірге, Оңтүстік Африкада студент өзінен 51 жас үлкен қарияға тұрмысқа шыққан болатын. Кейптаун қаласының 29 жастағы тұрғыны қариямен бір жыл бойы кездескен екен.