Аптап ыстықтан қалай қорғану керек?

Кешелі бері Алматы облысы түрғындарына күннің 42 градусқа дейін көтерілетіні жайлы смс-хабарлама келіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жедел жәрдем қызметі мамандарының айтуынша, былтырғымен салыстырғанда, биыл өздеріне жүгінгендер саны аздау екен. Дегенмен, мамандар күннің қатты ыстығынан қалай сақтану керектігін тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұған дейін ауа райын болжаушылар еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жариялаған еді. Ал, кешеден бері Алматы облысының түрғындарына күннің 42 градусқа дейін көтерілетіні жайлы смс-хабарлама келіп жатыр.

«Бүгін 112-ден 42 градусқа дейін ыстық болатыны жайлы хабарлама келді.  Туысқандарыма хабарлап айтып қойдым. Жүрегі ауыратындар, әсіресе қан қысымы жоғарыларға қиын болады», – деді бір тұрғын.

«Қатты ыстық қиын тиіп жатыр. Әсіресе қарт кісілердің мұндай ауа райына шыдауы қиын», – деді тағы бір тұрғын.

«Күндізгі уақытта 11,00 мен 16.00 аралығында аса қажет болмаса, далаға шықпай, салқын жерде отыру керек. Одан кейін бастарына бас киім киіп, қолшатыр ұстап жүргені дұрыс. Ал, көшеде көп жүретіндей болса, салқын су алып жүрсе. Жасы келген адамдар егер жүрек ауруымен ауырса, инсульт алған болса, дәрі-дәрмектерін ала жүргендері жөн», – деді Алматы қаласы медициналық жедел жәрдем қызметі ақпараттық бөлімінің аға дәрігері Алма БАДУАНОВА.

Новости партнеров