Елімізде ат спортын дамытуға ден қойылмақ

21.10.2019 21:21

Қазақстан мен Ресей ат спорты қауымдастықтары екі жақты келісімге қол қойды

Елдегі бұл спорттың әлеуетімен танысу үшін Халықаралық ат спорты Федерацияының президенті Ингмар де Вос Алматыға арнайы келіп, Алматы және Алматы облысындағы ат спорты клубтарын аралады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осы орайда Қазақстан мен Ресей ат спорты қауымдастықтары екі жақты келісімге қол қойды. Болашақта бұл келісім екі елдің спортшыларына тәжірибе алмасу үшін және халықаралық жарыстарға қатысуларына мүмкіндік туғызбақ.                                        

«Біз өз тарапымыздан Қазақстанда ат спортының дамуына барынша қолдау көрсетеміз. Федерацияның даму бағдарламасы аясында бапкерлер мен жаттықтырушыларға арнайы семинар өткіземіз. Қазіргі таңда Олимпиада ойындарына берілер жолдама саны арта түсті. Осы мүмкіндікті Қазақстан тиімді пайдаланады деген ойдамын», – деді Халықаралық ат спорты федерациясының Президенті Ингмар де ВОС.

«Басты мәселе Қазақстан – ветеринарлық жағынан өте жағымсыз аймақ. Біз Қазақстаннан спортшыларды шетелге шығару үшін 3 айлық карантин құру керекпіз. Ең жақын карантин бізде ол Ресейде. Ал 3 ай карантин деген – ақша жағынан қыруар шығын», – деді ҚР ат спорты бойынша бас жаттықтырушы Әсет ТОЛҚЫМБЕКОВ.