Биыл жарты жылда сексуалды зорлықтан 208 бала зардап шеккен
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында адам зорлау, педофилия және өзге де ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату туралы шешімін Ұлттық Ұлан әскерилері қолдап отыр. Аталған бөлім қамауға алынған азаматтарды күзетіп, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Елімізде сексуалды зорлық-зомбылықтан жарты жыл ішінде 208 бала зардап шеккен, ал өткен жылы 379 оқиға тіркелген.
«Біз, Ұлттық Ұланның әскери қызметшілері тікелей осы мәселеге көңіл аудардық. Өйткені біздің басты қызметіміз осы – қоғамдық тәртіпті, еліміздің қауіпсіздігін күзету болып табылады. Осы жолдауда айтылған барлық әлеуметтік сұрақтар біздің көңілімізден шықты. Және бізді қызықтыратыны біздің ішкі және сыртқы саясаттың мәселелері», – деді ҚР Ұлттық Ұлан Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы басшысының орынбасары Ниязтай ӘЛКЕШЕВ.
«Жолдауда еліміздің тәрбие мәселесі, зорлық-зомбылыққа, педофилияға қарсы жазаны күшейту өте орынды айтылды. Бұл тақырыптар себебі жалпы тәрбиеге байланысты. Елбасының бұл тапсырмасы еліміздің барлық білім беру мекемелеріне, жоғары оқу орындарына үлкен міндет артып отыр», – деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар АЛДАМБЕРГЕНОВА.