Алматы әкімі алматылық марқұм әйелдің отбасымен кездесті. Бақытжан Сағынтаев шын жүректен көңіл айтып, көпбалалы отбасына тұрғын үй бөлу мәселесін бақылауға алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
5 қаңтар күні кешке Жанар Өтегенова қаладағы келеңсіз жағдайға қарамастан көшеге шығуға мәжбүр болған – оның жаңа туған сәбиіне шұғыл түрде дәрі-дәрмек керек еді.
Лаңкестердің оғына түскен 35 жастағы әйел алған жарақатынан көз жұмды.
Оның жұбайы Нұрсұлтан Бүркітбаев 2014, 2017, 2019 және 2021 жылдары туылған төрт баласымен жесір қалды.
Ерлі-зайыптылар балаларымен жалға алынған уақытша баспанада тұрды.
Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Бүркітбаевпен кездесіп, оның зайыбының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Сондай-ақ оның тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсету туралы өтінішін жеке бақылауына алды.