Бақытжан Сағынтаев шын жүректен көңіл айтып, көпбалалы отбасына тұрғын үй бөлу мәселесін бақылауға алды
Алматы әкімі алматылық марқұм әйелдің отбасымен кездесті. Бақытжан Сағынтаев шын жүректен көңіл айтып, көпбалалы отбасына тұрғын үй бөлу мәселесін бақылауға алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
5 қаңтар күні кешке Жанар Өтегенова қаладағы келеңсіз жағдайға қарамастан көшеге шығуға мәжбүр болған – оның жаңа туған сәбиіне шұғыл түрде дәрі-дәрмек керек еді.
Лаңкестердің оғына түскен 35 жастағы әйел алған жарақатынан көз жұмды.
Оның жұбайы Нұрсұлтан Бүркітбаев 2014, 2017, 2019 және 2021 жылдары туылған төрт баласымен жесір қалды.
Ерлі-зайыптылар балаларымен жалға алынған уақытша баспанада тұрды.
Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Бүркітбаевпен кездесіп, оның зайыбының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Сондай-ақ оның тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсету туралы өтінішін жеке бақылауына алды.