Жавохир СИНДАРОВ былтыр Орталық Азия тарихында алғаш рет дүниежүзілік жасөспірімдер олимпиадасында жеңді
7-8 қыркүйек күні Алматы қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлемнің ең жас гроссмейстерлерінің бірі шахматтан шеберлік сыныбын өткізді. Бірқатар титулдардың иегері, Жавохир Синдаров қаламызға «Шатранж» клубының шақыруы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Менің ойымша, біздің жас шахматшыларымызға, әсіресе Қытайда өткен әлем чемпионатында медаль жеңіп алып, жетістікке жеткен ойыншыларымыздың жас гроссмейстермен тәжірибе алмасуы, оның ойнау әдісін үйренулері қызықты болатынына күмәнім жоқ және болашақта бұлай тәжірибе алмасу өзінің оң нәтижесін береді деген сенімдемін», – деді Алматы қаласы Шахматшылар одағының атқарушы директоры Сергей КИМ.
Жас гроссмейстердің былтыр Орталық Азия тарихында алғаш рет дүниежүзілік жасөспірімдер олимпиадасын жеңгені, сондай-ақ Ресей, Қытай, Армения және т.б. мықты командаларды артта қалдырып, Сергей Карякиннен кейінгі рекорд жағынан екінші нәтижие көрсеткені белгілі.
«Мен мұнда Алматы қаласындағы «Шатрандж» шахмат клубының жас жұлдыздарымен тәжірибемді бөлісіп, бір мезгілді ойын сеансын өткізуге келдім және олардың сұрақтарына жауап бердім. Жалпы өмірдегі басты мақсатым – әлем чемпионы болу», – деді халықаралық гроссмейстер Жавохир СИНДАРОВ.