«Алтын орда» маңындағы жолайрық құрылысы тағы бірнеше айға созылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Құрылыстың жүруіне жанармай құю бекеті кедергі келтіруде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өйткені торап салынатын маңайдан сүрілуі тиіс жанармай құю бекетінің басшылары, телімдерін босатудан үзілді-кесілді бас тартып жатыр. Олар мемлекет мұқтажы үшін жерді сатып алуға төленетін өтемақыға қанағаттанбай отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жоба бойынша мұнда таға тәріздес эстакада салынады. Ол жыл аяғына дейін аяқталуы тиіс. Алайда жұмыс қазір тоқтап тұр. Құрылыстың жүруіне мына жанармай құю бекеті кедергі келтіруде. Жергілікті билік телім иелерімен соттасып, аудандық сот істі мемлекеттің пайдасына шешіп берген болатын. Алайда кәсіпкерлер үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Сондықтан соттың ұзақ қаралатын түрі бар. Енді екі жақты даудың кесірінен құрылыс тағы сағызша созылып, жұрттың ұзын-сонар кептелісте тұруына тура келеді.

«Қазіргі уақытта сот шешімімен берілген соммасымен келіспеген себептен, 3 автокөліктерге жанармай құю станцияларының жер учаскелері мемлекеттік мұқтажы үшін алу бойынша материалдары сот органдарында қаралуда. Екеуі Алматы облыстың сотының апелляциялық алқасында және біреуі ҚР Жоғарғы сотында қарау барысында. Сот отырыстары аяқталып, шешімі шыққаннан кейін тиісті жұмыстар жүргізіледі», - деді жанармай құю бекетінің басшысы Дүйсен ӘЗДЕРОВ.



«Жанармай құю бекетінің басшылығы өтемақы көлемі тым аз екенін айтады. Ұсынылған қаржыға бизнесті дамыту үшін алған несиенің жартысын да жаба алмаймыз деп отыр», – деді жанармай құю бекеті басшылығының өкілі. Бұл нысандар банкте кепілде тұр. Бізге артық ештеңе қажет емес. Бастысы кепіл қаржысын өтесек дейміз. Себебі ары қарай өзіміз төлейміз. Егер 5 миллион теңгеге алатын болса, қалған қаржыны компания өзі өтеуі тиіс. Біз бірінші сот сатысымен келістік. Алайда әкімдік өтемақы көлемін көп санап, аппеляцияға берді», – деді Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Дамир ТОЙШЫБАЕВ.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров «Алматы-Бішкек» тас жолын кеңейту жұмысының барысын апта басында келіп арнайы қарап шыққан. Тиісті бөлім басшыларына тапсырма беріп, оның таяу арада шешілуін тапсырған.



Алматы - Бішкек тас жолының 16-19-шақырымына дейінгі аумақтағы заңсыз тұрған нысандар түгел сүріледі. Ал рұқсат құжаты бар сауда және өзге ғимараттар келбеті өзгертілмек.

«Алтын орданың алдында тұрған дүңгіршектер барлығы заңсыз тұр. Олардың барлығын алғызамыз. Ол жерге біркелкі қоршау қойылады. Одан ары қарай көлік жуу орны бар. Оны қалыпқа келтіреміз. Ол жерде түрлі жарнама ілініп қойылған. Олардың барлығын алғызамыз. Біркелкі эскиздік жоба болады», – деді Алматы облысы Қарасай ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Дәрмен ЖАПАРОВ.

Мамандар эскиздік жобаны 1 аптада дайын болады дейді. Жалпы жолды кеңейту жұмыстарына 200 адам және 50 техника жұмылдырған.  Халықаралық дәліздегі құрылыс толығымен 2021 жылы аяқталады.

Перизат Көмекбайқызы, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров