Ғылыми жобаларды қаржыландыру ісін оң шешкені үшін 5 мың АҚШ долларын берген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорына қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Университеттің бас ұстазы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» акционерлік коғамының басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру ісін оң шешкені үшін 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара берді деген күдікпен айыпталып отыр. Ведомство өкілдері пара алу фактісімен «Ғылым қоры» төрағасының үстінен де тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді