Нұр-Сұлтандықтарға далада спортпен шұғылдануға рұқсат етілді

28.04.2020 19:14

Бұл шектеу шаралары адамдардың өзара байланысын азайтып, осылайша коронавирус инфекциясының таралуын төмендету үшін қолданылады

Белсенді өмір салтын ұстанатын елорда тұрғындары енді сыртта жаттығу жасай алады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.

Нұр-Сұлтанда спорт алаңдарында жүгіруге және жаттығу жасауға рұқсат берілді. Алайда атлеттер осыған дейін айтылған шектеу шараларын сақтауы керек.

Таңғы сағат 6-дан бастап аулада және оның айналасында, немесе өзі тұратын үйге жақын маңда спортпен шұғылдануға және жүгіруге рұқсат етіледі.

Бұл шектеу шаралары адамдардың өзара байланысын азайтып, осылайша коронавирус инфекциясының таралуын төмендету үшін қолданылады.