Қазақстанмен әуе қатынасы жанданатын бірінші санаттағы елдер тізіміне Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл елдерден келетін жолаушылар үшін шектеулер жоқ. Бұған дейін бірінші санаттағы елдер тізіміне ҚХР және Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Талан кірген.
«Екінші санаттағы елдерге Мысыр, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан қосылды. Бұған дейін бұл тізімде тек Түркия болған. Екінші санаттағы елдерден келген жолаушылар үшін мынадай шектеулер қойылады: коронавирустың жоқ екенін растайтын анықтама, егер анықтама болмаса, 48 сағаттың ішінде тест тапсыру немесе 14 күндік үй карантинінде болуы керек», – деді ҚР ДСМ көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов ОКҚ брифингінде.