1995 жылы 30 тамызда қабылданған ҚР Конституциясы 9 тарау және 98 баптан тұрады
Ертен 30-тамыз Конституция күні. Айта кетейік, конституцияның қабылданған күні - мемлекеттік мереке болғандықтан ертең республика бойынша ресми демалыс. Ал, Алматының барлық аудандары мейрамды бүгін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазақстан Республикасының Ата Заңы күні жалпыхалықтық референдум негізінде 1995 жылдың 30 тамызында қабылданып, 5 қыркүйегінде күшіне енді. 9 тарау және 98 баптан тұратын құжат заң шығарушы, атқарушы және сот билігін белгілеп, олардың құзіреті мен өзара әрекет етуін заң тұрғысынан айқындады. Мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен қарапайым азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейді.