Биыл елімізде қанша тонна көмір өндіру жоспарланған

26.03.2020 19:15

120 млн. тонна көмірдің ішкі нарықа 82 млн. тоннасы, экспортқа 38 млн. тоннасы шығарылады

www.inform.kz

Биыл елімізде 120 млн. тонна көмір өндіру жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Өндіруші компаниялар ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 18,3 млн. тонна көмір өндірген. Оның 10,4 млн-ы энергия өндіруші кәсіпорындарға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға  936,8 мың тонна көмір жеткізіліпті. 

Ал, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 1,4 млн. тонна отын жіберіліп, экспортқа 4,6 млн. тоннасы жөнелтілген. 

Елімізде көмір өнеркәсібін дамыту мақсатында өткен жылы «Қазақстан Республикасының көмір саласын дамыту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бекітілген болатын. Айта кетейік, 120 млн. тонна көмірдің ішкі нарықа 82 млн. тоннасы, экспортқа 38 млн. тоннасы шығарылады.