Елімізде биыл 84 580 тұрғын үй пайдалануға берілді

13.11.2019 19:15

Жалпы тұрғын үй көлемінің ұлғаю көрсеткіштері еліміздің 9 өңірінде байқалады

Бұл ақпаратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратып отыр. 10 айдың қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш 2018 жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштің 100 пайызын құрайды. Республика бойынша 9,8 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Жалпы тұрғын үй көлемінің ұлғаю көрсеткіштері еліміздің 9 өңірінде байқалады. Бұл тізімде  Қызылорда , Ақтөбе, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы көш бастап тұр. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша кейбір өңірлерде көрсеткіштер төмендеген. Ол тізімде Жамбыл облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

Түркістан облысы 130,4%

Қызылорда облысы 117,2%

Ақтөбе облысы 116,7%

Қостанай облысы 115,9%

Шымкент қаласы 116,4%

Жамбыл облысы 96,0%

Нұр-Сұлтан 64,2%

Теги: тұрғын үй