Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

03.09.2019 19:15

Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді

Отандық танымал эстрада жұлдызы Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласы әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым»,- деп жазды Бақытжан Сағынтаев.