Елімізде су тасқынынан неше адам көз жұмды
Almaty.tv
Қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елімізде су тасқынынан 7 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға бірнеше өңірде тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қатарында Атырау, Түркістан облыстары бар. Қалың елдің қабырғасын қайыстырған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Сенат кулуарында ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев хабарлады. Ведомство өкілі қазір алдын ала тергеу амалдары басталғанын жеткізді.
– Бірнеше өңірде қайғылы оқиға болды. Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс тергеліп, тергеу шаралары жүріп жатыр, – деді ҚР ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев.
Оқи отырыңыз: Зардап шеккендерге өтемақы төлеу процесі осы апта соңына дейін аяқталады — Олжас Бектенов
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Алматыда коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығы талқыланды
06.10.2026 11:20