|
03.02.2021 | 14:26
5057

Қазақстанда кедейшілікпен күресу үшін халыққа 20 сотық жер беру ұсынылды

Мұндай ұсынысты Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айқын Қоңыров айтты

Қазақстанда кедейшілікпен күресу үшін халыққа 20 сотық жер беру ұсынылды ашық дереккөзден

Қазақстанда кедейшілікпен күресу үшін халыққа 20 сотық жер беру керек. Мұндай ұсынысты Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айқын Қоңыров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәжілісмен бұл бастама Қазақстанға кедейлікпен күресу және гүлденген қоғам құру мәселелерін шешуге көмектеседі деп санайды. Ол Қазақстан халықтық партиясының бағдарламасында әрбір еліміздің  отбасына үй салу және үй шаруашылығын жүргізу үшін 20 сотық жер беру туралы тармақ бар екенін еске салды. Оның айтуынша, бұл бастама қазақстандықтардың қызығушылығы мен қолдауын тудырды, өйткені халықтың басым көпшілігі үшін олардың жекеменшік жері болғаны өте маңызды.

«Мұндай ұсыныс Халықтық партияның бағдарламасында кездейсоқ пайда болған жоқ. Әдемі уәде берудің техникалық ерекшілігі емес. Қазір стратегиялар мен мемлекеттік бағдарламалардың көптігіне қарамастан қандай қоғам құрып жатқанымыз туралы нақты көзқарас жоқ.  Өкінішке қарай, тіпті индустриялық бесжылдық пен  стратегиялық даму жоспарларында да кедейшіліктің саны артқанда адамдардың өмір сүру деңгейіне қатысты нақты нұсқаулар жоқ. Қазақстандықтардың доллармен есептегееде нақты қолда бар кірісі 2008 жылдан бастап үнемі төмендеп келеді», – деді Қоңыров.

Депутат атап өткендей, алдағы уақытта қазақстандықтардың көпшілігінің табысы дамыған елдер деңгейіне дейін өспейді.  Оның айтуынша, елде өнеркәсіпті және агроөнеркәсіптік кешенді жаңарту үшін үлкен дайындық жұмыстары қажет, бұл бір жылдан астам уақытты алады.

«Дамудың тағы бір маңызды критерийі бар - лайықты тұрғын үй. Өз жерінде үйіңді сала білу, бұл отбасылық және әлеуметтік жағынан да материалдық әл-ауқаттың негізі. Тағы да Мәжілісте Қазақстанда тұрғын үй салудың көптеген бағдарламалары болғанын және бұған қатты қаражат бөлінгенін айтылды. Бірақ мәселе мынада: орташа отбасын баспанамен қамтамасыз ету бойынша мақсат қойылмайды», – деді депутат.

Ол тұрғын үйлер салынып жатқанын, шаршы метрлер жалға берілетінін, бірақ тұрғындардың көпшілігінің тұрмыстық жағдайы жақсарып жатпағанын тілге тиек етті.

«Қалаларда жеке тұрғын үй құрылысы бойынша әркімнің 10 сотық жерге құқығы туралы қазіргі ереже орындалмай жатыр. Оның жалғыз себебі бар. Бұл мәселені шешуге ешкім шынымен тырысқан жоқ, аталмыш мәселе инфрақұрылымның немесе жердің жетіспеушілігінен емес. Оны жүзеге асыратындардың мүдделі болмауынан», –деді мәжілісмен.

Айқын Қоңыров 20 сотық жерді бөлуді «Қазақстанда кедейлікпен күресу және гүлденген қоғам құру мәселесінің шешімі» деп қарау керек деп қосты.

«Сонымен бірге 20 сотық жерді беру тек қымбат тұратын әлеуметтік бастама емес. Дұрыс көзқараспен оның прагматикалық экономикалық мәні де бар»,  деп қорытындылады депутат.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир