Шомылуға тыйым салынған орын: бір отбасы суға кетті

06.08.2024 19:17

Астана су қоймасында қайғылы оқиға орын алды

Almaty.tv

Ақмола облысында бір отбасы суға батып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

4 адам қаза тапқан қайғылы оқиға Аршалы ауданы, Арнасай ауылынан 2 шақырым жердегі Астана су қоймасында болыпты. Анасы мен қызының денесін судан кеше кешке алып шыққан. Ал бүгін таңда жергілікті жедел-құтқару тобы әкесі мен ұлының мүрдесін тапқан. Жанұя Астанадан демалысқа келген екен. Шомылу кезінде 19 жастағы қызы мен 23-тегі ұлының бата бастағанын байқаған отбасының басқа мүшелері көмекке асығып, сол күйі судан шыға алмапты. Мамандардың айтуынша, олар шомылуға тыйым салынған аймақта болған. 

Айта кетейік, жаз басталғалы өңірде 12 адам суға кеткен. Оның 2-еуі - бала.

- Төрт адамның өмірін қиған қайғылы оқиға шомылуға тыйым салынған жерде болды. Бұл аймақта арнайы белгілер бар. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті тұрғындар мен аудан қонақтарын судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Балаларды қадағалауға баса назар аударуды сұраймыз, - дейді Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында 48 адам далада қалды