Катонқарағай ауданына қарасты 2 ауылда карантинге жабылды
Ұсақ малдан анықталған қой күлі ауруына байланысты ШҚО-ның Катонқарағай ауданына қарасты 2 ауылда карантин жарияланды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған елдімекен әкімінің шешім құжатында жазылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 7 наурыздағы ұсынысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округінің Шыңғыстай, Жаңа Үлгі ауылдарында мүйізді ұсақ мал арасында қой күлі (оспа) ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін», - делінген Катонқарағай ауылдық округінің әкімі Қайрат Нұрқанов шығарған шешімде.
Дереккөз: ҚазАқпарат