Бұл туралы шаһар басшысы өзінің Instagram парақшасында жариялады
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Халықты жұмыспен қамту орталығында болып, атаулы әлеуметтік көмек беруді рәсімдеу жұмысының қалай жүріп жатқанын тексерді. Бұл туралы шаһар басшысы өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап осында, аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімдеріне және Алатау ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығына шамамен 9 мың адам жүгінген, 3286 өтініш қабылданған, 3000-ға жуық адамға АӘК тағайындалған», - деді Бақытжан Сағынтаев.
АӘК алатындардың мектеп жасына дейінгі балаларына кепілдемелі әлеуметтік топтама қарастырылған. Мектеп жасындағы балаларға жаппай оқу қорынан көмек көрсетіледі.
«Тұрақты түсіндіру жұмыстарының қажеттілігіне, оның ішінде қолдау мен жұмыспен қамтудың және өз ісін ашу мүмкіндіктерінің шараларына назар аудардым. Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға бизнес жобаларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттар береміз», - деді Бақытжан Сағынтаев.