Нұр-Сұлтанда елді дүрліктірген қауіпсіздік сертификатын тестілеу аяқталды

Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық фокус-орталығы 130 мың кибершабуылды анықтапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы айда ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық фокус-орталығы сегіз миллионнан аса вирустық белсенділік фактісін және мемлекеттік органдар мен жеке компанияларға жасалған 130 мың кибершабуылды анықтапты. Бірқатар мемлекеттік органдарға қарсы кибертыңшылық фактілері де тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тестілеудің оң нәтижелеріне сүйене отырып, ұлттық қауіпсіздік қызметі алдағы күндері ресми сайтта аталған сертификатты алып тастау жөнінде нұсқаулық жариялайды. Қазақстанның киберқалқанын тексерудің маңыздылығын ел президенті де өзінің твиттер парақшасына жазды.

«Киберқалқан бағдарламасы бойынша қауіпсіздік сертификатын тестілеудің жедел аяқталуы сырттан қауіп төнгенде техникалық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Мұндай жағдайлар бұрын болған. Ең бастысы - ҚР интернет қолданушыларына қолайсыздық болмайды. Қауіптенуге еш негіз жоқ», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.

Еске сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына қауіпсіздік сертификатын орнатуды сұраған болатын. Бұл мәселе азаматтар арасында түсінбеушілік тудырған. Алайда, ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл шараның азаматтарды, мемлекеттік органдар мен жеке компанияларды хакерлік шабуылдардан, интернет-алаяқтардан және киберқауіптердің басқа түрлерінен қорғауды күшейту мақсатында жасалғанын жеткізген еді.

Новости партнеров