|
01.08.2019 | 14:18
6535

Кінәлілер жазаланатын болады – Экология министрі Алакөлге лай су ағызу дерегі жайлы

Кінәлілер жазаланатын болады – Экология министрі Алакөлге лай су ағызу дерегі жайлы

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алакөлге қонақүйлердің бірінен лай су ағызу дерегіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы министр Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Министрлік мамандарынан құралған комиссия Алакөлде қонақ үйлердің бірі бассейннен көлге су ағызғанын анықтады. Бұл мүлдем орынсыз жағдай деп санаймын. Оқиға егжей-тегжейлі зерттеліп, кінәлілер жазаланатын болады. Толық ақпарат жарияланады», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желі пайдаланушылары Алакөлге құбыр арқылы лай су ағызылып жатқанын айтып дабыл қаққан болатын. Бейнежазбағы мәліметке сәйкес, көлге төгіліп жатқан судың жағымсыз иісі бар. Артынша Алакөл ауданының әкімдігі бұл мәселеге орай арнайы комиссия құрылғанын жеткізді.


Дереккөзі: ҚазАқпарат


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир