Арулаттың анасы аталған байқауда 19 мемлекеттен 190-нан астам адамның өз жұмысын ұсынғанын айтты
13 жасар қазақстандық Миланда өткен байқауға қатысып жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі nur.kz сілтеме жасап.
13 жастағы нейл-стилист жеңісі туралы қуанышпен жаңалықпен өзі бөлісті. Ол Миланда өткен халықаралық байқауда басжүлде алған. Арулаттың анасы аталған байқауда 19 мемлекеттен 190-нан астам адамның өз жұмысын ұсынғанын айтты. Байқау онлайн форматта өткен.
Сондай-ақ, анасы ұлының Жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық акциясын өткізгенін айтты. Ауруға шалдыққан балаларға түрлі сыйлық сыйлап, азық-түлік үлестірген.
«Бәрі риза. Арулат екі есе риза шығар. Ұлым балалардың қуанғанынан ләззат алатынын айтады», — дейді Сания Рахимова.