Құжаты жоқ қаруды өткізгендерге сыйақы беріледі - акция басталды

10.04.2023 19:18

Биыл 90 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді

inkaraganda.kz

Құжаты жоқ қаруды өткізгендерге сыйақы беріледі. ІІМ заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырғандарға биыл 90 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсамақшы, деп хабарлайды Almaty.tv.

Былтыр  89 миллион теңгеге 1 мың 400-ден астам ойық қару тапсырылған. Ең көп тапсырған облыстар арасында Түркістан өңірі көш бастайды. Одан кейін Жамбыл облысы мен ШҚО тұр. 11 жылда осы мақсатқа 1,9 миллиард теңге кетіпті.

«Өтемақы мәселесіне келетін болсақ, қаруды тапсырғаны үшін төлем мөлшері оның түріне, техникалық жай-күйіне байланысты әр бірлігі үшін 34 мыңнан 345 мыңға дейін есептелінеді. Сыйақы мөлшері, қалалық, аудандық полиция органдарының комиссиясы белгілейді», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Асылбек Ыдырысов.