Сағынтаев Tesla компаниясының өкілдерімен кездесті

almaty.gov.kz
almaty.gov.kz
Алматыда электр автомобильдерінің 107 бірлігі тіркелген, олардың 67 бірлігі Tesla маркалы электромобилдердің түрлі моделдері
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Tesla компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Алматыда сервистік орталық, Tesla Motors шоурумын ашу және электр автомобильдерін зарядтау стансалары инфрақұрылымдарын салу мәселелері талқыланды.

Айта кетерлігі, қалалықтардың мобилділігін арттыру мақсатында мегаполистің көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асады. Қабылданған шешімдер жолдардың өткізу қабілетін, көлік қозғалысы қауіпсіздігін және қалада экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететін болады.

Қазіргі кезде Алматыда электр автомобильдерінің 107 бірлігі тіркелген, олардың 67 бірлігі Tesla маркалы электромобилдердің түрлі моделдері.

Айта кетейік, Тesla компаниясы 2003 жылы АҚШ-та (Санта Клара, Калифорния) құрылған. Оның негізін қалаушылар – Илон Маск, Мартин Эберхард, Джефри Брайан. Сала түрі – автомобиль жасау, күн энергетикасы.

Компания 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 150 мыңнан астам автомобиль шығарған. Қазіргі кезде өндіріс көлемі аптасына 7 мыңнан астам электромобильдер жасайды. Компанияның жалпы саны 10000-ға жуық Supercharger қондырғыларымен жабдықталған 1250-ден астам зарядтаушы стансалары бар.

Новости партнеров